11 сәуір күні әлемде Дүниежүзілік Паркинсон ауруымен күрес күні аталып өтіледі. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен жыл сайын өткізіледі және аталған ауру туралы қоғамды көбірек ақпараттандыруға арналған.
Паркинсон ауруы - созылмалы ауру, оның нәтижесінде мидың нейрондары бұзылады және өледі. Аурудың негізгі белгілері: қолдың дірілдеуі, қозғалыстың бәсеңдеуі, қозғалыстың бөгеліп қалуы, ауырсыну, қозғалыс динамикасы және психиканың бұзылуы. Ауру ақыл-ес толығымен сақталып қалуымен мүгедектікке әкеліп соқтырады.
«Біздің елімізде осындай науқастардың 20 мыңы тіркелген. Алайда, қазақстандықтардың денсаулықтарын толық қалпына келтіру мүмкіндіктері пайда болды. Жақын уақыттан бері «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ аталған патологияны нейрохирургиялық емдеу әдістерін енгізді және сәтті қолдануда. Бүгінгі күні орталықта Паркинсон ауруына хирургиялық емдеу жүргізіледі, 130 операция сәтті жасалды», делінген хабарламада.
Паркинсон ауруы - әлеуметтік проблема, өйткені адам өз бетімен өмір сүру қабілеттілігін жоғалтады. Әлемде паркинсионизммен 60 жастан асқан ересектердің 1% -дайы азап шегеді. Аурудың этиологиясы әлі күнге дейін соңына дейін айқындалмаған. Қауіп-қатер аймағына ересек адамдар (40 жастан соң) түседі. Ауру ген арқылы тұқым қуалаушылық бойынша беріледі деген болжаулар бар, бірақ аурудың дамуына жауап беретін ген әлі анықталған жоқ. Жыл өткен сайын аурудың белгілері тіпті 30-40 жаста пайда болған адамдардың саны көбеюде. Жыл сайын ДДС мәліметтері бойынша аурудың 300 мыңнан астам жаңа жағдайлары тіркеледі.