13:32, 13 Сәуір 2009
Елімізде 2009 жылдың ақпанында бір қызметкердің орташа кесімді айлық жалақысы - 61 мың 793 теңгені құрады
АСТАНА. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елімізде 2009 жылдың ақпанында бір қызметкердің орташа кесімді айлық жалақысы - 61 мың 793 теңгені құрады және өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 13,2 пайызға өсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.Бұл ретте қаңтар-ақпан айларында кесімді айлық жалақы 12, 7 пайызға ұлғайып, 61 мың 460 теңгені, ал нақты жалақының индексі 103,7 пайызды құраған. Агенттіктің мәліметі бойынша, салалар құрылымында ең жоғары жалақы баяғыдай қаржы қызметінде сақталуда ? 139, 3 мың теңге. Бұл орташа республикалық деңгейден 2,3 есеге көп. Ал, кен өндіру өнеркәсібіндегілер - 105,7 мың теңге, жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыру саласындағылар? 93,7 мың теңге, көлік және байланыстағылар? 80,8 мың теңге жалақы алады. Ең төменгі айлық жалақы ауыл шаруашылығы (27,4 мың теңге) және балық шаруашылығы (25,6 мың теңге) саласында жұмыс істейтін қызметкерлерге тиесілі. Бұл орташа республикалық деңгейден тиісінше 56-59 пайызға аз. Өңірлер бөлінісінде барынша жоғары жалақы Атырау облысында (117, 0 мың теңге) сақталуда. Бұл ел бойынша орташа жалақыдан 1,9 есеге артық. Ал, Солтүстік Қазақстан облысында айлық жалақының мөлшері - 40,9 мың теңгені, Жамбыл облысында ? 42 мың теңгені, Ақмола облысында - 42,1 мың теңгені құрап отыр. Бұлар орташа республикалық деңгейден 32-34 пайызға төмен.