Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Негізгі азық-түлік тағамдарының төменгі тұтыну нормасын назарға ала отырып есептелген күнкөріс минимумының мөлшері орташа есеппен алғанда жан басына шаққанда 2009 жылдың желтоқсан айында оның алдындағы аймен салыстырғанда 0,5 пайызға ұлғайды, ал 2008 жылдың желтоқсан айына қарағанда 1,6 пайызға азайды. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға кеткен шығынның үлесі 20,5 пайызды, сүт, май өнімдері және жұмыртқаға - 16,9 пайызды, жеміс-жидектер мен көкөністерге - 9,9 пайызды, нан өнімдеріне - 9,8 пайызды, қант, шәй және дәмдеуіштерге - 2,9 пайызды алады», делінген агенттіктің таратқан хабарламасында.