деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агентігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің мәліметінше, тұтыну бағаларының индексі 2010 жылғы қаңтарда 2009 жылғы қаңтармен салыстырғанда 107,3 пайызды құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар 3,9 пайызға, азық-түлік емес тауарлар - 9,4 пайызға, ақылы қызметтер көрсету - 10,1 пайызға артты. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2010 жылғы қаңтарда 2009 жылғы қаңтармен салыстырғанда 48,6 пайызға ұлғайды.
«2009 жылғы желтоқсанда халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары баға бойынша 39806 теңгені құрады. Өсім 2008 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін 13,2 пайыз, нақты ақшалай табыстар үшін - 6,6 пайыз болды. 2009 жылғы желтоқсанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 82779 теңгені құрады. 2008 жылғы желтоқсанға қарағанда өсім 13,6 пайыз болды. Нақты жалақы индексі 2008 жылғы желтоқсанға 106,9 пайызды құрады», делінген агенттіктің мәліметінде.