Елімізде 2010 жылғы қарашада күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 13 467 теңгені құрады

АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат- Елімізде 2010 жылғы қарашада күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 13 467 теңгені құрады.

ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2010 жылғы қарашада өткен аймен салыстырғанда 8,7 пайызға азайды, ал 2009 жылғы қарашамен - 12,9 пайызға өсті. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 20,5 пайызды, сүт, май-тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 16,5 пайызды, жемістер мен көкөністерді - 11,2 пайызды, нан және жарма өнімдерін - 8,9 пайызды, қант, шай және дәмдеуіштерді - 2,9 пайызды құрады.