Елімізде 2014 жылға қарай теміржол көлігін құрастырудың жалпы көлемі 30 есеге артады - А. Мәмин

АНА. 18 қараша. ҚазАқпарат ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Қазақстанда 2014 жылға қарай теміржол көлігін құрастырудың жалпы көлемі 30 есеге артады. Бұл туралы бүгін «Эксперт-100-Қазақстан» екінші экономикалық форум барысында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның президенті Асқар Мәмин мәлім етті.

А. Мәминнің айтуынша, ҚТЖ Үкіметтің тапсырмасына сәйкес индустрияландыру бағдарламасы бойынша бірқатар ірі жобаларды әзірледі. «Оларға сәйкес, егер 2008 жылы теміржол көлігін құрастырудың түр-түрінің барлық көлемі 8 миллиардқа жуық теңгені құраған болса, біздің жоспарларымыз бойынша 2014 жылға қарай теміржол көлігін құрастырудың жалпы көлемі жылына 300 млрд. теңгеге жетеді. Яғни, 5 жылдың ішінде өсім бірден 30 есеге артады»,-деді ол.

А. Мәминнің сөзіне қарағанда, мұндай қарқын бүтін бір жаңа саланы құрумен тең. «Оған ондаған ірі жобалар енеді. Біздің әріптестеріміз «Дженерал-электрик», «Тальго», «Сименс» сияқты әлемдік шетелдік компаниялар. Онымен бірге кіші және орта кәсіпорындар құрылып, мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылады»,-деді ҚТЖ басшысы.