Елімізде 22,7 мың адам коронавирустан емделіп жүр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 8 қаңтардағы коронавирус инфекциясынан емделіп жатқандарға қатысты ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«8 қаңтардағы мәлімет бойынша, 22 776 адам короновирус инфекциясынан (10 786 КВИ және 11 990 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 367 пациент стационарда, 17 409 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда», делінген хабарламада.
коронавирус инфекциясынан емделіп жатқандардың арасында:
291 адамның жағдайы ауыр;
49 пациенттің жағдайы өте ауыр;
50 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Еске слаа кетсек, 7 қаңтарда Қазақстанда 723 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.