Биыл ауыл шаруашылық дақылдарының алқабы 18646,8 мың гектар жерге егілген. Бұның дәнді дақылдары 16255,9 мың гектар болса, оның ішінде бидай 14102,6 мың гектар құрайды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында астық жинау науқаны басталды. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілері 21 шілдеге дейін 222,7 мың гектар жердің астығын жинады. Бұл айтылған облыстардың егіс аудандарының 22,4 пайызын құрайды. Жалпы көрсетілген облыстардың егістік аудандарының 333,9 мың тоннасы бастырылса, өнімділік орта есеппен 14,7 ц/га құраған. Мәліметтерге қарағанда, республика бойынша 13 млн. тонна шамасындағы сыйымдылықта қамбалар, 216 лицензияланған нан қабылдайтын өндірістер жұмыс істеуде.
2011 жылдың 21 шілдеге дейін 35 кәсіпорын тексерістен өтіп, оның ішінде 16 элеватор жаңа егінді қабылдауға әзір емес екені анықталды. Элеваторлардың көбінде жабдықтар кеңес уақытынан бері жаңармаған. Технологиялық зертханаларда құралдар жоқ болып, қоймаларда аса қауіпті микроорганизмдер анықталды. Осыған орай, министрлік анықталған заң бұзушылықты жою үшін сәйкесінше тапсырмалар берілді. Бұл ретте аймақаралық инспекторлар тексеріс барысында басты назарды астық кеміргіштері мен қамба зиянкестерін зарасыздандыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру мәселелеріне аудармақ.