Елімізде 23 мыңға жуық науқас коронавирустан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққандар жайлы соңғы мәліметті жариялады.

28 шілдедегі ақпарат бойынша, Қазақстанда 22 748 адам коронавирус инфекциясынан (–22 556 және 192 КВИ-) емделіп жатыр.

Оның ішінде 1 371 пациент стационарда, 21 377 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ , КВИ- шалдыққандар арасында:

- 25 адамның жағдайы ауыр

- 14 пациенттің жағдайы өте ауыр

- 7 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.