Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, олардың ішінде 1 490 пациент стационарда, 22 795 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
«КВИ-ге шалдыққандар арасында 36 адамның жағдайы ауыр, 12 пациенттің денсаулығы өте ауыр, 5 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», - деп жазды комиссиядан.
Айта кетейік, өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында «сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы ғана тұр. Басқа облыстар мен қалалар «жасыл» аймақта.