НҰР-СҰЛТАН
Сағат 10: 00-де Достық үйінде отандық жиһаз өндірушілерінің конгресі өтеді. Оған республиканың барлық аймағынан 100-ден астам делегат, сонымен қатар мемлекеттік атқарушы органдардың, ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің және квазимемлекеттік сектордың өкілдері қатысады.
Сағат 10: 00-де Журналистер үйінде «Бақытты отбасы» отбасылық сотында «Отбасылық ресурстарды қолдау орталықтарын ашу» әлеуметтік жобасы бойынша брифинг өтеді. Сарапшылар аяқталуға жақын пилоттық жобаны жүзеге асыру туралы әңгімелейді.
10: 30-да Ұлттық музейде Халықаралық түркі жазуын жаңғырту күні өтеді.
12: 00-де «Hilton Astana» қонақ үйінде 8 желтоқсан күні елордада өтетін XII Қысқы қайырымдылық балы туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Ұйымдастырушы - «Болашақ» корпоративтік қоры.
Сағат 18: 30-да Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшісінің резиденциясында Жапонияның жергілікті басқармалары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті және Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою рәсімі өтеді.
АЛМАТЫ
10: 00-де Алматыдағы Кәсіпкерлер палатасында баспасөз мәслихаты өтеді, онда палата директоры Нариман Әбілшайықов «Қарапайым заттар экономикасы» импортын алмастыруға арналған жобалар» аналитикалық есебін ұсынады.
15: 00-де «Тұран» университетінде Қоғамдық кеңес «Алматы қаласын одан әрі дамыту, қала экологиясын реттейтін заңнамалық базаны жетілдіру туралы» қоғамдық тыңдау өткізеді.