Қаржылық пирамидалармен күрес аясында заңсыз мазмұндағы 8,8 мыңға жуық сайт пен аккаунт бұғатталған.Сонымен қатар қаржылық барлау қызметі есірткі сататын 15 интернет-дүкенді әшкерелеген. Олардың жалпы сауда айналымы 4,4 миллиард теңгені құрайды және 27 мыңнан аса азаматты қамтыған. Бұл материалдар Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік қызметіне жолданды.
13:06, 15 Қараша 2022
Елімізде 25 қаржы пирамидасы жойылып, қазақстандықтардың 8,3 млрд теңге шығыны өтелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде 25 қаржы пирамидасы жойылып, жәбірленушілердің 8,3 миллиард теңге шығыны өтелді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановтың Мемлекет басшысына жасаған баяндамасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.