Елімізде 28 жұқпалы ауру түрінің таралуы азайды - Ж. Бекшин

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 28 жұқпалы ауру түрінің бәсеңдеуі байқалуда. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі төрағасының міндетін атқарушы - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин айтты.

«Біз үшін ең маңыздысы, әрине, С гепатиті, ол 2,5 есеге азайды. Жалпы алғанда алғашқы жартыжылдықта менингококктік инфекция 37%, бактериялық дизентерия - 33%, В гепатиті - 20% және туберкулез - 12,6% азайды», - деді ол.

Оның айтуынша, жұқпалы аурулардың алдын алудағы профилактикалық жұмыстарды, заманауи диагностика жүргізуге Үкіметтің көрсетіп отырған қаржылық көмегі зор ықпалын тигізуде.