«Биыл 1 қаңтардан бергі статистикаға сәйкес денсаулық сақтау саласында 4259 педиатр және 971 неонатолог еңбек етіп жүр. Министрлік педиатр маманына тапшылықты азайту мақсатында жыл сайын сұраныс бойынша кадр даярлауға мемлекеттік тапсырыс береді. Биыл 1 тамыздағы жағдай бойынша елімізде 304,5 педиатр маманы жетіспейді. Одан бөлек, 109,25 неонатолог маманы тапшы», - делінген ҚазАқпарат жолдаған сауалдың жауабында.
Министрлік мәліметіне сәйкес, биыл мемлекеттік тапсырыс аясында 1500 орын бөлінді.
Оның ішінде педиатр мамандығына 146 және 87 орын неонатологтарды даярлауға қарастырылған.