Елімізде 35 мың адам көмір өнеркәсібі саласында қызмет етеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары көмір өнеркәсібі қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Жыл сайын тамыздың соңғы жексенбісіне келетін Шахтерлер күнін елорда жұрты да атап өтті.Кәсіби мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты жиын алдында қатысушылар жұмысбарысында қаза тапқан шахтерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

ҚР Индустрия жәнеинфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Тимур Тоқтабаев шахтерлердіқұттықтап, Қазақстанның кенді өңірлерінде еңбектеніп жатқан 19 кәсіпорынныңқызметкерлеріне «Шахтер даңқы», «Еңбек даңқы», «Кенші даңқы», «Көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері»төсбелгілерін табыс етті.

«Еліміздің көмір өндірісі кешені дамып, бәсекегеқабілеттілігі артып келеді. Кеншілердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшінкөптеген жұмыстар атқарылуда. Келешекте де алдыңғы буынның тәжірибесіне сүйене отырып, алда тұрған міндеттерді табыстыатқаратындарыңызға сенемін», - деді Тимур Тоқтабаев.

Оның айтуынша, көмір саласы электр энергиясы өндірісінің 70пайызын, кокс-химия өндірісінің 100 пайызын қамтамасыз етеді.Коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халықтың отынға деген қажеттілігін толыққанағаттандырады. Көмір өнеркәсібі қызметкерлерінің саны шамамен 35 мың адамдықұрайды.

Кәсіби мерекеге орай Қазақстан бойынша 62 марапатталған. Олардың ішінде «Көмірөнеркәсібінің құрметті қызметкері» атағын «Майкубен Вест» ЖШС бас механигіМарат Қуатұлы Кирмандаев иеленсе, «Шұбаркөл Көмір» АҚ техникалық бөлімініңбастығы Владимир Николаевич Косицин «Шахтер даңқы» атағыниеленді. Ал «Еңбек Даңқы» марапаты «Богатырь Комир» ЖШС-нің оқу-курстық комбинатыбастығының орынбасары Елена Михаиловна Кузнецоваға берілді.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның көмір өндірушікәсіпорындары 2,6 млрд. тоннадан астам көмір өндірген. Оның 0,8 млрд тоннаға жуығы экспортталды. Көмір қорыбойынша Қазақстан әлемдегі он елдің қатарына кіреді. Барланған көмір қорының90% астамы Қазақстанның солтүстік-шығыс және орталық бөлігінде шоғырланған.

Соңғы жаңалықтар