Елімізде 41 мыңнан астам жүкті әйел коронавирусқа қарсы екпе алған
09:06, 05 Қыркүйек 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 4 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 586 738 адам, екіншісін 9 373 701 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
4 қыркүйекте «Pfizer» вакцинасының I дозасын - 1 238 882 адам, ІІ дозасын - 1 199 565 адам салдырды.
Оның ішінде:
І компонент
- Жасөспірімдер – 874 476
- Жүкті әйелдер – 41 631
- Бала емізетін әйелдер – 145 451.
ІІ компонент
- Жасөспірімдер – 859 959
- Жүкті әйелдер – 39 499
- Бала емізетін әйелдер – 142 030.