Синоптиктердің болжауынша, ел аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Күндіз еліміздің солтүстік-батысы және солтүстігінде ауа температурасы 36 41°С дейін, шығыста 28 33°С дейін, орталықта 30 39°С дейін, оңтүстікте 37 43°С дейін, оңтүстік-шығыста 30 дейін ыстық болады.
«Еліміздің барлық өңірінде жаз басталып келеді. Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа-райын антициклон айқындайды. Тек батыс өңірлерде және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады», - делінген Қазгидромет ұсынған хабарламада.