Елімізде 5 ақпан күні болатын маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 5 ақпан күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

12.00-де «Думан қонақ үйі», «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының «Еңбек адамы - ел тірегі» әлеуметтік бастамасының 2020 жылғы қорытындысына арналған салтанатты жиыны өтеді.

16.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Таң Шолпан» Халықаралық тәуелсіз суретші әйелдер қорының «Таң Шолпан» атты көрмесі өтеді.

16.30-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Тасқын кезеңіне дайындық» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді. Спикер: ҚР Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Күлшімбаев Ибрагим Дәукесұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

АЛМАТЫ

10.00-де Ритц Карлтон қонақүйінде «Digital Almaty 2021 – Цифрлық жаңғыру: жаңа бағытқа қадам» халықаралық форумы өтеді.

10.00-де Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Қазақстан Жазушылар кітапханасында «Мұқағали - жыр дүлділі» атты әдеби-музыкалық кеш өтеді. Кеш қонақтары: Мұқағали Мақатаев шығармашылығын насихаттаушы - Шаяхмет Имашұлы.

13.00-де Еуразиялық үкіметаралық кеңестің аз құрамды отырысы өтеді («Rixos Almaty» қонақ үйінің Кіші залы).

15.00-де «Алматы қаласы музейлерінің қауымдастығы» С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтың әдеби-мемориалдық кешенінде «Алтын қалам» тақырыбында көрме ұйымдастырады. Кеш қонақтары: Мұхтархан Қалиұлы - ақын, Мұқағали Мақатаевтың немере ағасы; Еркін Шүкіман - әнші.