«Ең алдымен қолдағы деректерге сәйкес, өткен жылдың қорытындысында Қазақстанда кемінде үш жыл бойы экспорттаумен айналысып келе жатқан 650 белсенді экспорттаушы бар екендігін атап өткен жөн. Олардың шамамен 80 пайызы – бұл шағын және орта бизнес өкілдері және 48 пайызы азық-түлік өнімдерін экспорттаушылар», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар оның дерегінше, өткен жылы 463 кәсіпорын қаржылық емес іс-шараларды пайдаланды.
«Олар Акселерация, маркетплейстерге шығару, сауда миссиясы және экспорттық шығындардың бір бөлігін қайтару сынды іс-шаралар. Егер, кері байланыс жайында айтар болсақ, біз түбегелі ашық болып қалдық. Тек өткен жылы ғана экспорттаушылардң шамамен 3,4 мың сұраныстары қаралды», - деді вице-министр.
Қайрат Төребаевтың атап өтуінше, әрбір салынған бюджет теңгесінің қайтарымы маркетплейстерде 213 теңгені, сервистік іс-шараларда 652 теңгені, Аксселерация бағдарламасы бойынша 158 теңгені құрады.