«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 229 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 74 жеткіншек бала бар. Стационарларда 1 774 науқас жатыр. 1 455 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 85 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.09:40, 04 Қазан 2020
Елімізде 74 бала коронавирустан емделіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 4 қазандағы жағдай бойынша, коронавируспен ауырғандар туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.