Елімізде 8,3 млн адам коронавирусқа қарсы толық егілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы 8,3 млн адам толық егілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

15 желтоқсандағы жағдай бойынша, коронавирусқа қарсы екпенің 1-ші компонентін 8 884 288 адам, 2-ші компонентін 8 339 523 адам салдырды.

Вакцинаның толық курсын алған тұрғындар бойынша алдыңғы орында Түркістан облысы тұр – 1 012 149. Одан кейін Алматы қаласы – 996 960 адам, Шығыс Қазақстан облысы – 898 091, Алматы облысы – 812 227, Шымкент қаласы – 558 73 тұр.