Жауапты хатшының айтуынша, транспланттауды одан әрі дамыту мақсатында донорлардың, реципиенттердің, транспланттау бойынша қызметтер ұсынатын медицина ұйымдарының құқықтары мен мүдделерін қорғайтын заңнамалық базаны жетілдіру ұсынылады. «Айталық, тірі донордан тіндерді және ағзаларды алу нотариатпен куәландырған жазбаша келісімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкіндігіне қатысты нақтыландыру енгізілуде. Бұдан бөлек, заң жобасымен Гемопоэздік дің жасушалары донорларының ұлттық тіркелімін құру және оның шетелдік ұқсас тіркелімдермен өзара іс-қимылы бекітіліп жатыр», - дейді С. Мусинов.
Оның сөзіне қарағанда, заң жобасында донорлардың құқықтарын қорғау бойынша да бірқатар нормалар қамтылады. Атап айтқанда, донорларға орташа айлық жалақысын сақтай отырып, қосымша демалыс күнін алу шаралары да қарастырылады. Тұрғылықты жерін анықтау мүмкін болмаған, жақын туыстарының немесе заңды өкілдерінің келісімінсіз, медициналық құжаттамаға жазбаларды ресімдеп және ол туралы кейіннен бір тәулік ішінде денсаулық сақтау ұйымдарының лауазымды адамдарын хабардар ете отырып дәрігерлер консилиумының шешімі бойынша шұғыл транспланттау көрсетілген.