Елімізде 9 айда инфляция деңгейі 5,2 пайыз деңгейінде қалыптасты

АСТАНА. Қазанның 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, Қазақстандағы инфляция деңгейі 5,2 пайыз деңгейінде қалыптасты.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бейсенғали Тәжияқов мәлім етті.
«2010 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстандағы инфляция 5,2 пайыз деңгейінде қалыптасты. Қыркүйек айының нәтижесі бойынша жылдық инфляция 6,7 пайызды құрады», - деді Б.Тәжияқов.

Оның айтуынша, биылғы жылдың тоғыз айында инфляциялық үдерістердің қалыптасуы кейбір азық-түлік тауарлары мен қызмет түрлерінің қымбаттауының ықпалынан болды.