Елімізде ақылы автотұрақтарда тариф өзгере ме

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС директоры Шыңғыс Досыбаев елордадағы ақылы автотұрақтардағы тарифке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласында коммуналдық-ақылы автотұрақ орындарынатарифтерді өзгерту жоспарда жоқ. Тарифтіөзгерту статистикалық мәліметтерге байланысты, әлемдік тәжірибеде тарифтіөзгерту ықпал ету тетігі ретінде падаланылады. Көлік құралдары өте көпшоғырланған тиісті аумақтар бар. Ол жерлерде бос тұрақ орындарын ұйымдастыруүшін сараланған тариф енгізіледі. Мысалы, Мәскеу қаласындағы «Мәскеу Сити»ауданында тұрақтың құны сағатына 400 рубльге дейін жетеді. Бұл өз кезегіндетұрақта бос орындардар болуы үшін жасалуда», - деді Шыңғыс Досыбаев.

Оның сөзіне қарағанда, бұл мәселеде тұрақтағы айналымды жәнебос орындарды қамтамасыз ету негізгі мақсат болып отыр.

«Егер де төлем құны төмен болса, онда көлік иесіавтомобильді сол жерде ұзақ уақытқа қалдырып кетеді. Бұл өз кезегінде басқатұрғындарға қолайсыздық тудырады. Ал сараланған тарифті енгізу мәселесіне тоқталсақ,бізде жақын арада бұл режиміске қосылмайды», - деді Ш. Досыбаев.

Айта кетейік, бүгінде елордада ақылы автотұрақтың құны сағатына 100 теңгетұрады.

Соңғы жаңалықтар