Үш тәулік бойы антициклон Қазақстанның көптеген облыстарына ықпал етеді.
«Республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, күн ала бұлтты, ауа температурасы 0... 8°С градус, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста 12... 20°С градус болады. Бұл климаттық нормадан 4...10°С градусқа жоғары», - делінген хабарламада.
Ресейдің Еуропалық бөлігінен ауысып келетін атмосфералық фронттардың ықпалынан еліміздің батыс және солтүстік аймақтарында жауын-шашын жауып, тұман түседі және көктайғақ болуы ықтимал.