Елімізде әлеуметтік жетімдердің саны өсіп келеді

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Соңғы жылдары Қазақстанда бала туу көрсеткіші өсті. Онымен бірге ерлі-зайыптылардың ажырасу оқиғалары де жиілеп кетті. Осының бәрі елімізде әлеуметтік жетімдер санының өсуіне себеп болып отыр.

«Иә, ажырасудан кейін, 2-3 баламен қалған әйелдер олардың бәрін асырай алмай, балалар үйіне немесе интернаттарға тапсыруға мәжбүр болады. Осы санаттағы балалар әлеуметтік жетімдер болып саналады. Оларды мемлекет асырайды, бірақ сан алуан жеңілдіктер мен жәрдемақыларды төлемейді. Кәмелет жасқа жеткен кезде, оларға ешкім де көмек бермейді», - дейді «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова.

«Ұлағатты жанұя» қоғамдық қорының басшысы Марианна Гуринаның хабарлауынша, бүгінде Алматы қаласында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға арналған 2 интернат бар. Оның екеуі де лық толы. «Бұл еліміздегі әлеуметтік жетімдер санының өсіп жатқандығын тағы бір мәрте дәлелдесе керек», - дейді ол.