Елімізде әлі де 2,4 мың науқас коронавирустан емделіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 10 қаңтардағы ақпарат жарияланды.

Оған сәйкес, қазір 2 414 адам коронавирус инфекциясынан (–2 267 және 147 КВИ-) емделіп жатыр.

Оның ішінде 263 пациент стационарда, 2 151 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ , КВИ- шалдыққандар арасында:

- 14 адамның жағдайы ауыр

- 8 пациенттің жағдайы өте ауыр

- 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.