Елімізде әскери экипаждар мен есептоптар ауқымды дайындыққа кірісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Қарулы күштерінде экипаждардың, есептоптардың, бөлімшелердің даярлығы басталды.

«Жауынгерлік арналымға сәйкес ұрыстың тың жағдайларында жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуге әскери қызметшілердің ұдайы әзірлігін қамтамасыз етуге бағытталған  шаралар 4-20 қаңтар аралығында өтеді», - деп хабарлайды  ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі .

 

Аталмыш дайындық лезде бірнеше мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Соның ішінде, экипаждардың, есептоптардың, бөлімшелердің үйлесуі мен далалық, әуе және теңіз машығын жетілдіру, жеке құрамның қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерін меңгеруі, қауіпсіздік талаптарына сәйкес оған техникалық қызмет көрсету және жауынгерлік қолдануға әзірлікте ұстап тұруға білім мен дағдыны арттыру.  

 

Одан басқа, сабақтар жеке құрамның жоғары психологиялық тұрақтылығы мен дене төзімділігін, тәртіптілігі мен жауапкершілігін шыңдауға, жалпыәскери ұрыс қиындықтары мен күрделі жағдайлардағы жүктемелерді еңсеруге септігін тигізеді.