Бұл бағыттағы белсенді жұмысты «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 01731 әскери бөлімінің әскери қызметшілері алғашқылардың бірі болып бастады. Техниканы жазғы режімге көшіру бойынша іс-шаралар дәстүрлі болып саналады. Жыл сайын әскери техниканың әрқайсысына, қару-жарақ пен әскери техникаға, парк-гараж жабдығына маусымдық қызмет көрсету жөнінде кешенді жұмыстар жүргізіледі. Қару-жарақ пен әскери техникаға маусымдық қызмет көрсету жылына 2 рет жүзеге асырылады. Жазғы кезеңге пайдалануға дайындалатын техникалар қатарында зымыран-артиллериялық қару-жарағы, автомобильді және броньды танк техникасы бар.
Әскери қызметшілер жанар-жағармай материалдарының қысқы түрлерін жазғысына ауыстырды. Алдын алу іс-шаралары барысында қозғалтқыштар, жүріс бөліктері мен т.б. жұмысын қамтамасыз ететін жүйелерге қызмет көрсетіліп, дайындалады. Техника мен қару-жарақ ұдайы негізде бүтін күйде және жауынгерлік әзірлікте болуы тиіс. Бұған аталмыш техниканы ұқыпты ұстау және оны уақытылы баптау негізінде қол жеткізуге болады.