«Ашық аспан астындағы аттракциондарға рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда әлеуметтік қашықтықты сақтау, келушілер ағынын реттеу және маска тағу міндетті», - дейді Айжан Есмағамбетова.
Оның айтуынша, фитнес орталықтары да жұмысын бастайды.
«Бастапқы кезеңде фитнес орталықтарда бассейн жұмыс істемейді және әр адам үшін кем дегенде 5 шаршы метр жер қаралуы керек. Сондай-ақ, фитнес орталығының іші 50% ғана толуы керек», - дейді ол.