«Әуе керосині бойынша есептелген импорт шамамен 300 мың тонна болды. Жалпы бізге 900 мың тонна қажет. Ең алдымен әуе көлігімен жолаушы тасымалдаушыларды осы отын түрімен қамтамасыз ету міндетін алдымызға қойып отырмыз. Ал жүк тасымалдайтын ұшақтар негізінен импортты керосин есебінен қамтамасыз етіледі», - деді Д. Макеев елордада өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, Шымкент мұнай өңдеу зауытын кеңейту арқылы еліміздегі жалпы өнім 1,2 миллион тоннадан асады.
«Біз бұған дейін маркетингтік зерттеу жүргізген едік. Осы орайда алдағы 10-20 жылда авиакеросинге деген сұраныс 1,2 миллион тонна екені анықталды. Шымкент мұнай өңдеу зауытын кеңейту бойынша техникалық шешімдерді қоса алғанда, авиакеросин бойынша сұранысты толық қамтамасыз ету ескерілген», - деді компания өкілі.