«Коронавирустық инфекцияның таралуының барлық тәуекелдерін ескере отырып, біз ауруханалардағы төсек-орын қорының дайындығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдадық. Еліміз бойынша орындардың ең жоғары ықтимал саны 62 мыңды құрады, оның ішінде 36 мыңы жұмыс істеп тұрған инфекциялық орын, 3 мыңнан астамы реанимациялық, 23 мыңы резервтік төсек», - деді министр.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта инфекциялық орындардың жүктемесі 42 пайызды, реанимациялық орындардың жүктемесі 29 пайызды құрады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина шетелдік студенттерге ақысыз егіледі.