Халықты төтенше жағдайлар туралы құлақтандыру және ақпараттандыру - негізгі қауіпсіздік шарасы. Ол тұрғындарды қандай да бір апат немесе табиғи құбылыстардың әртүрлі факторларынан болатын қираулар салдарынан қорғайды.
Құлақтандыру жүйесін тексеру барысында электр дабылдар мен дабылды сөйлеу құрылғыларын (дауыс зорайтқыштар) қысқа уақытқа қосу, теледидар эфирлерін және радио арналарын ұстап қалу, ақпаратты интернет-ресурстар мен мобильді қосымшаларға орналастыру жоспарланған.
«Баршаның назарына» дыбысты сигнал – бұл ескерту дабылы. Ол төтенше жағдайлар қаупі болғанда немесе туындағанда барлық шұғыл хабарламалар берер алдында халықтың назарын аудару үшін беріледі.
Дыбыстық сигналды естіген соң қалыптасқан жағдайда алдағы іс-әрекеттері бойынша нұсқау алу үшін теледидар мен радиоқабылдағышты қосып, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшадағы ақпаратты оқу қажет.
Сонымен қатар қауіпті өндірістік нысандар мен гидротехникалық құрылыстардағы жергілікті құлақтандыру жүйелерінің жұмысы тексеріледі.
Республикалық құлақтандыру жүйесін тексеру қорытындысы бойынша еліміздің халқын уақтылы ақпараттандыру мен құлақтандыруды қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар пысықталады.