«ҚазАгроМаркетинг» АҚ-ның мәліметі аясында 26 қазандағы жағдай бойынша яғни, 26 қыркүйектегі ахуалмен салыстырғанда барлық әлеуметтік маңызы бар тауарларға баға өсіп отыр»,-деді ол.
Атап айтқанда, 26 қазандағы жағдай бойынша республикадағы ең қымбат қала Астана, ал ең арзан қала Талдықорған болып отыр.
«6-8 пайыз жоспарланған инфляция дәлізінде болу үшін азық-түлік тауарлары бойынша инфляция 9,4 пайыздан аспауы тиіс»,-деді Д. Ахметов. Осы орайда ол 6-8 пайыздық инфляция дәлізінен аспау үшін барлық мүмкіндіктер бар екенін, сондай-ақ азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытында Үкімет тарапынан тиісті шаралар атқарылып жатқанын айтып өтті.
Д. Ахметовтың сөзіне қарағанда, жақында азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты ұстау мақсатында Қырғызстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту аясында министрлік Жамбыл облысының Қордай ауылында Қазақстан-Қырғызстан агробизнес-форумы өткізілді. Аталған форумға қырғызстандық тараптан жеміс және көкөніс жеткізуде әлеуеті жоғары компаниялардың өкілдері мен екі елдің тиісті мемлекеттік органдары қатысты. Осының нәтижесінде ынтымақтастық туралы 21 хаттамаға қол қойылған. Айта кетейік, бекітілген хаттамалар 120 мың тоннадан астам өнімді құрайтын 600 мың АҚШ долларынан астам қаржыға бағаланды. Сонымен қатар «Жамбыл облысының сауда биржасы» АҚ мен «Қырғызресурсы» мемлекеттік кәсіпорны арасында Қазақстанға 500 мың тонна көлемінде (23 млрд. 700 млн теңгеге) картоп жеткізу тұрғысында уағдаластық жасалған.