«Жыл басынан бері балаларға 100 мыңнан астам ота жасалды. Қазақстанда мүмкіндік болмаған жағдайда балалар «Шетелдік емдеу» бағдарламасы бойынша басқа мемлекетте ота жасата алады. Аталған бағдарлама аясында биыл 71 балаға 1 млрд теңгеден астам сомаға шетелде ота жасалды. Атап айтқанда, гемопоэтикалық дің жасушаларын трансплантаттау, электропарацияны қолдана отырып склероздау, радионуклидтік терапия және тағы басқа», - деді Вячеслав Дудник Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Вице-министрдің айтуынша, балаларға ота көбіне Түркия, Үндістан және Ресейде жасалды.
Сондай-ақ спикер келтірген мәліметке сәйкес, биыл балаларға арналған медициналық көмекке қазынадан 560 млрд теңге бөлінді.
Бұған дейін, министр орынбасары Вячеслав Дудник биыл қазан айынан бері 2 млн-нан астам қазақстандықтың ЖРВИ жұқтырғаны туралы айтқан еді.