Елімізде бір күнде 53 науқас коронавирустан қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы соңғы мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

14 шілдедегі мәлімет бойынша, 45 282 адам коронавирус инфекциясынан (–43 795 және 1487 КВИ-) емделіп жатыр.

Оның ішінде 14 698 пациент стационарда, 30 584 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ , КВИ- шалдыққандар арасында:

• 880 адамның жағдайы ауыр

• 198 пациенттің жағдайы өте ауыр

• 116 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Соңғы тәулікте пневмониядан - 6 адам, коронавирустан - 53 сырқат қайтыс болды.