Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы ТЖД жеке құрамынан 5 адам мен 1 техника жұмылдырылды. Өрт 3 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнынан 1966 жылғы ер адамның денесі табылды.
Сондай-ақ, Қостанай облысы Арқалық қаласында бес қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы пәтерден өрт шықты. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Қостанай облысы ТЖД жеке құрамынан 12 адам мен 2 техника жұмылдырылды. Қауіпсіз жерге 10 адам шығарылған. Оқиға орнынан 1978 жылғы ер адамның мәйіті табылды.