Елімізде төтенше жағдайдың енгізілгеніне және жекелеген биржалық тауарларға бағаларды уақытша реттеу белгіленгеніне байланысты, Биржалық комитет тауар биржаларында биржалық сауда-саттықты тоқтата тұруды ұсынды.
Биржалық сауда-саттықты қайта бастау мәселесі елдегі ахуал тұрақтандырылғаннан кейін қаралатын болады.