Елімізде босқындардың мәртебесі өседі
«Әлемдегі геосаяси жағдайға байланысты бүгінде босқындар мәселесі өзекті. Аталған мәселе былтыр Ішкі істер министрлігінен біздің құзыретімізге берілді. Қазақстан 1998 жылы босқындар мәртебесі туралы дүниежүзілік конвенциясын ратификациялады. Оған сәйкес елге келген босқындарға жағдай жасап, әлеуметтік қолдау жағы қарастырылған. Осы орайда еліміздің мүмкіндігіне қарай босқындар мәселесін көтеріп, қажет болған жағдайда заңнамалық және құқықтық актілерді қабылдап, босқындар мәртебесін белгілі бір деңгейге көтеруді жолға қойдық», - деді Ілияс Испанов ОКҚ-де өткен брифингіде.
Оның айтуынша, бүгінде аталған бағытта мемлекеттік құзырлы органдармен бірлескен жұмыс жүріп жатыр.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанға инвестиция құйған шетел азаматтарына иммигрант визасымен қатар 10 жыл тұруға рұқсат берілмек.
Айта кетейік, бүгінде елімізде 14 417 шетел азаматы жұмыс істеп жатыр.
Оның ішінде 3790 сырттан келген еңбек мигрантына рұқсат биыл берілген.