Елімізде бүгінгі күні тұмауға қарсы 479 мың адам егілді - Денсаулық сақтау министрлігі

АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, елімізде бүгінгі күні тұмауға қарсы 479 мың адам егілген.

Баспасөз қызметінің деректері бойынша, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттерінде санитариялық-карантинік бақылау күшейтілді. Дене қызуы жоғары адамдарды қарым-қатынасссыз анықтау мақсатында халықаралық әуежайларда 20 тепловизор және 64 пирометр орнатылды. Денсаулық сақтау министрлігі дене қызуының көтерілуі, жөтел, тамақтың ауыруы сияқты тұмау дертінің алғашқы белгілері байқала бастағанда тез арада дәрігерді шақыруды және өздігінен ем қабылдамауды ұсынады.

Тұмау белсенділігінің артуының алдын алу мақсатында халықтың көп жиналатын орындарына бармау, үйде немесе ғимараттардың ішінде қорғаныш маскасын кию сияқты алдын алу шараларын жасап, профилактикалық вирусқа қарсы препараттарды пайдалану, үйді таза ұстап, ауасын желдетіп тұру, сондай-ақ пияз, мойыл жеу, бал, лимон, қарақат сияқты жемістерді пайдалану сияқты халықтық ем-домдарды да пайдаланған жөн.