«Барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларында ай сайын жүлделердің ұтысы мен оларды табыстау өтеді. Басты финал жыл аяғында Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді. Онда бағалы жүлделер ойнатылып, бас жүлде - автокөлік ұтысқа салынады. Акцияға өздері тұтынған тауар, жұмыс немесе қызмет үшін берілген фискалды чектің фотосын «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы жіберген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады», деп хабарлайды комитет.
Осылайша, науқанға қатысу арқылы әрбір азамат көлеңкелі экономика мөлшерін азайтуға және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыруға ат салыса алады.