Елімізде даярланып жатқан кәсіби-техникалық мамандар бүгінгі еңбек нарығына сай емес - вице-министр Б.Нұрымбетов

АСТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Елімізде даярланып жатқан кәсіби-техникалық мамандар бүгінгі еңбек нарығына сай емес. Бұл туралы бүгін Тәуелсіздік сарайында еліміздің мұнай-газ саласының 110 жылдығына арналған «Қазақстандағы энергетика апталығы» іс-шарасы аясында  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, осы орайда жұмыс беруші компаниялар мен кәсіби-техникалық білім беру орындары арасында әріптестік байланыс орнатып, бүгінгі еңбек нарығына қажетті мамандардың саны мен сапасының нақты сипаттамасын әзірлеу қажет. «Осыған орай бүгінде арнайы құрылған жұмыс тобы кәсіби-техникалық мамандықтардың талаптарын әзірлеуде. Бұл жерде мамандарға қойылатын талаптарды даярлау міндеті жұмыс берушілерге жүктеліп отыр»,-дейді Б.Нұрымбетов.