6 мамыр күні оңтүстікте, 7 мамыр күні оңтүстік-шығыста, әсіресе таулы және тау бөктерлеріндегі аумақтарда қатты жаңбыр жауады.
Ресейдің Еуропалық бөлігінен антициклон келіп, 8 мамыр күні республиканың оңтүстігінде, 8-9 мамыр күндері орталық және шығысында, 9 мамыр күні солтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашын тоқтайды. 10 мамыр күні келесі циклонға байланысты бұл аумақта нөсерлі жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Қазақстанның батыс және солтүстік-батыс облыстары осы кезең ішінде атмосфералық ауа ағынының ықпалында болады, сондықтан бұл жерлерде ауа райы бұлтты және жаңбырлы болуы ықтимал.
6 мамыр күні: күн ала бұлтты, күндіз жауын-шашын түсіп, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан ұйытқыған жел солтүстік-батысқа ауысып, оның екпіні 9-14, күндіз 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде 12 14°С, күндіз 19 21°С.
7 мамыр күні: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыс, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14, күндіз 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде 3 5°С, күндіз 16 18°С.
8 мамыр күні: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желсолтүстік-батысқа ауысып, оның екпіні 9-14, күндіз 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде 9 11°С, күндіз 18 20°С.
Алматы қаласы бойынша консультативтік ауа райы болжамы
6 мамыр күні: күн ала бұлтты, кешке өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде 11 13°С, күндіз 25 27°С.
7 мамыр күні: күн ала бұлтты, кей жерлерде жауын-шашын түсіп, найзағай ойнайды. Желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 12 14°С, күндіз 20 22°С.
8 мамыр күні: күн ала бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 10 12°С, күндіз 20 22°С.