«Фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 4 пайызға артты. Негізінен, өсім халықтың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға деген сұранысының артуы есебінен болды. Дезинфекциялық құралдар мен минералды тыңайтқыштарға сұраныстың артуы химия өнеркәсібінің өндіріс көлемін арттырды. Өсім 12,8 пайызды құрады», - деді министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Б. Атамқұлов 2021 жылдың қаңтар айында еліміздің өңдеу өнеркәсібінде оң үрдіс сақталғанын айтты.
Түсті металлургияда да оң динамика байқалды. Өсім 106,6 пайыз болды. Оған тазартылған алтын, тазартылған күміс, құйма алтын, түйіршік күміс, катодты мыстың және басқа да көрсеткіштердің өсімі есебінен қол жеткізілді.