Елімізде диспансерлік науқастарға 800-ге тарта дәрілік препараттар тегін ұсынылады

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат  - Елімізде диспансерлік науқастарға 800-ге тарта дәрілік препараттар тегін ұсынылады.

Бұл туралы бүгін Астана қаласындағы №4 емханада өткен баспасөз мәслихаты барысында Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасының орынбасары Лариса Пак мәлім етті.

Л. Пактың айтуынша, 2012 жылдан бастап диспансерлік науқастарға дәрілерді беру тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізілген. Атап айтқанда, бұған дейін осы санағаттағы науқастар дәрі-дәрмектің 50 пайызына дейін құнын төлеп отыратын еді.

«Ендігіде мемлекет мұндай дипансерлік науқастарға берілетін дәрілерді тегін жолдау туралы міндеттемені өзіне алып отыр. Бұдан бөлек, тегін препараттарды қажет ететін диспансерлік науқастар тізімдері де қайта қаралған. Ондай тізім бойынша науқастар тіркеуге алынады және бұл ұдайы жаңартылып отырады»,  - дейді Л.Пак.