«Келесі жылы еш кедергісіз пайдалануымыз үшін оны жыл аяғына дейін іске қосып үлгеруіміз керек»,- деді ол өз сөзінде.
Оның айтуынша, ақпараттық, ағартушылық бағытта жұмыс істейтін порталда асыл дініміздің негіздері тарқатылып түсіндірілетін болады. Сонымен қатар, түрлі діни ұғымдарды, соның ішінде, радикалды ағымдарды түсіндіріп беретін блог та ашылатын болады.