Елімізде екі облыста ауа райының салдарынан жолдар жабылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе мен Қостанай облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты жолдар жабылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК-ның сайтында хабарланды.

Ақтөбе облысында 27 наурызда көктайғақ салдарынан «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» республикалық маңызы бар жолдың 200-220 шақырымы, Мөңке би ауылынан Қайдауыл кентіне дейінгі аралық жабылды;

Ауа райының нашарлауына байланысты (қар) облыстық маңызы бар «Ақтөбе-Родниковка-Мәртөк» автожолының 10-74 шақырымы аралығында көліктің барлық түрінің қозғалысы шектелді.

Қостанай облысында 27 наурызда ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, жолдың көрінбеуі) облыстық маңызы бар «Сарыкөл-Большие Дувравы» автожолы аралығында барлық автокөлік түрлерінің жүруіне шектеу қойылды.