«Биылғы төрт айда 18,1 млрд текше метр көлемінде газ өндірілді. Тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі 7,8 млрд текше метрге жетіп, жоспар 110% орындалды. Сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 1,07 млн тонна болды, ал экспортқа шығарылған газ көлемі 2,87 млрд текше метрді құрады», - дейді Нұрлан Ноғаев.
Оның айтуынша, аталған кезеңде 40 млрд кВт/сағат электр энергиясы өндірілді, яғни жоспар 100% орындалды.
«Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жаңартылатын энергия көздері нысандары өндірген электр энергиясының көлемі 0,8 млрд Квт/сағ құрап отыр, яғни жоспар 100% орындалды. Негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу министрліктің тұрақты бақылауында», - дейді ол.