«Қазір еліміздің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 28 мыңға жуық адам өз жазасын өтеп жатыр. Оның 26 мыңы жәбірленушілерге жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеден астам төлем өтеуге міндетті», - делінген хабарламада.
Комитеттің мәліметінше, сотталған азаматтарға жазасын өтей жүріп, табыс табуға мүмкіндік беріледі.
«Қазір қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде 11 699 адам жұмысқа орналасқан. Бұл көрсеткіш еңбекке жарамды сотталғандардың жалпы санының 60,2 пайызын құрайды. Оның ішінде кәсіпорындарда - 4 мыңға жуық, шаруашылық қызметте - 3 мыңға жуық сотталушы жұмыс істейді. Сонымен қатар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен жеке кәсіпкерліктерде 5 мың адам еңбек етіп жатыр», - дейді ведомстводан.