Елімізде Еуро-3 стандартын енгізу 2011 жылғы 1 шілдеден бастап жүзеге асырылады - ККМ

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының

зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар» техникалық регламентіне сәйкес республика аумағында 2011 жылғы 1 шілдеден бастап 3-экологиялық кезеңге (Еуро-3) сәйкес зиянды заттар шығарындылары бойынша автокөлік құралдарына қойылатын талаптар енгізіледі. Осы күннен бастап қойылған талаптарға сәйкес келмейтін автокөлік құралдарын әкелуге және өндіруге тыйым салынатын болады, деп хабарлады ҚР Көлік және министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағында қазірдің өзінде пайдаланылып жүрген автомобильдер 3-экологиялық кезеңнің талаптарына кірмейді, сондықтан толық істен шыққанға дейін пайдаланылатын болады.

Қазақстан Республикасы аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламенттерге (2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1372) және автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға (2008 жылғы 9 шілдедегі №675) сәйкес жүзеге асырылады.

Автомобильдердің мыналарға сәйкестігін растау:

1) бұрын пайдалануда болғандар, 3-экологиялық кезеңнің талаптарына төменде көрсетілген кестені, жылдар және шығарған елі бойынша ескере отырып;

2) төменде көрсетілген кестеде жоқ болғандар туралы ақпарат, сынақ нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.

Автокөлік құралдарының және қозғалтқыштарының, олардың шығарылған жылдарына байланысты, 3-экологиялық кезеңнің талаптарына сәйкестік кестесі

Автомобиль және/немесе оған арналған қозғалтқышты шығарған ел

3-экологиялық кезенінің талаптарына сәйкес келетін көлік құралдарының шығарылған жылдары

Еуропалық одаққа * кіретін, жанармай қозғалтқыштары

2001 жылдан бастап және одан кейін

Еуропалық одаққа кіретін *, дизельдер

2002 жылдан бастап және одан кейін

АҚШ

2001 жылдан бастап және одан кейін

Жапон

2005 жылдан бастап және одан кейін

Канада

2004 жылдан бастап және одан кейін

Үндістан

2010 жылдан бастап және одан кейін

Қытай

2008 жылдан бастап және одан кейін

Корея

2003 жылдан бастап және одан кейін

Ресей

2008 жылдан бастап және одан кейін

Украина

2010 жылғы 1 шілдеден бастап және одан кейінгі

Беларус

2008 жылдан бастап және одан кейін

Өзбекстан

2010 жылдан бастап және одан кейін

Ескертпе:

*Еуропалық одаққа мыналар кіреді: Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Грекия, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Польша, Португалия, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция және Эстония.